Школа-лицей №10 имени Абая для одарённых детей, г. Павлодар, Казахстан

Материал из Letopisi.Ru — «Время вернуться домой»
Перейти к: навигация, поиск
Абай Құнанбаев



Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей -мектебі».



Файл:Mektep.JPG
Дарынды балаларға арналған №10 лицей мектебі
Директоры Абилова Х.Ж.

Мектеп тарихы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебі

      1937 жылдың 23 маусымында  Павлодар аудандық атқару комитетінің  пленумында қазақ онжылдық мектебін ашу жөнінде қаулы  қабылданды. 
      1937 жылдың 1-ші қыркүйегінде  жаңа ашылған онжылдық  қазақ мектебінде 
16 мұғалім  жұмыс істеді. 
      1940 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қалалық  жұмысшылар депутаттары кеңесінің №57 шешімі бойынша қазақ онжылдық   мектебіне қазақтың ұлы  жазушысы Абай Құнанбаевтың аты берілді. 
     1946-1962 жылдары мектеп жанында  интернат – пансионат жұмыс істеді.
     1962 жылы интернат-пансионат бөлініп шығып №3 облыстық мектеп интернат болды.
     1994 жылы мектеп лицей атағын алу үшін тәжірибелік алаңға қойылды. 
     1999 жылдың 25 мамырынан  Облыстық экспорттық кеңестің  шешімі  бойынша  мектепке лицей атағы беріліп, Абай атындағы №10 лицей мектебі деп аталыңды.
     1948-1977 жылдары аралығында мектеп бітірушілер ішінде 25 күміс және алтын медаль иегерлері болған. 
     2000-2007 оқу жылдарында 15 алтын медаль  иегерлері, 1996-2006 оқу жылдары аралағында 40 үздік аттестат иегерлерін мектеп қабырғасынан ұшырды. 
     Грецияда өткен «Балалар .Интеллект.Мәдениет.» фестивалі  аясында өтетін  тестік рейтингілік  пәндер олимпиадасынан және  ғылыми жобалар сайысынан 17 оқушы жүлдегер атанып, Республикалық  ғылыми жобалар сайысында  27 оқушы жеңімпаз  болып, ал облыстық  ғылыми жобалар сайысында 100-ге тарта оқушы бәйгенің алдын бермеді. 
     Мектеп «Ақыл ойдың шарықтауы», «Дебат» секілді халықаралық бағдарламаларды  меңгерген. Мектептің 120 оқушысы қатысатын «Салтанат» би тобы облысымызға ғана емес республикамызда әйгілі. 
-  2000 жылы «Білім сапасы  жөніндегі облыстық  конкурстың жеңімпазы» 
-  2000 жылы Республикалық « Таңдаулы мектеп» байқауының лауреаты 
- 2001 жылғы Орта және кәсіптік білім беру мектептерінің арасындағы оқыту қызметінің  сапасы жөніндегі облыстық байқаудың жеңімпазы. 
-  2005 жылы қала мектептері арасындағы «Ең үздік оқу материалдық базасы»  
    байқауында бірінші орын иегері.    
    1937-2007 жылдар аралығында мектепке 17 адам басшылық етті. Солардың ішінде көп жылдар қызмет атқарған  директорлар: Қабылдин Апшау Қабылдаұлы  (1955-1962 ж, 1981-1990ж.), Төлегенов  Мүбарак Жанбосынұлы  ( 1963-1981ж.), Қабдуалиева Гүлнар  Балтабайқызы (1991- 1997 ж.), Жалмағамбетова Бұлғын Шакенқызы (1999-2005 ж). Абилова Хабиба Жекенқызы 2005 жылдан бастап Дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы лицей мектебінің директоры.   
    Дарындыларды даңғыл жолға сала білген 70 жылдық тарихы бар мектептің бүгінгісі – айқын, болашағы жарқын. 

Біздің жетістіктер:

Участник:Камиль Айбек



Персональные инструменты
Инструменты