Школа-лицей №10 имени Абая для одарённых детей, г. Павлодар, Казахстан

Материал из Letopisi.Ru — «Время вернуться домой»
(Различия между версиями)
Перейти к: навигация, поиск
Строка 68: Строка 68:
 
</googlemap>
 
</googlemap>
  
e-mail: pvl_sch10@mail.ru
+
Наш адрес: г.Павлодар ул.Толстого 95
 +
          тел/факс: +7(7182)328248
 +
          e-mail: pvl_sch10@mail.ru
  
 
[[Участник:Камиль Айбек]]
 
[[Участник:Камиль Айбек]]

Версия 05:50, 27 декабря 2007

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей -мектебі

Абай Құнанбаев(1845-1904 жж.)

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев. Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады. Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды. 1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан : өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді. Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады. Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды "қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі" деп орынды атаған. Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздері Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек замандарда гауһардай жарқырап, көзі ашық, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Файл:Mektep.JPG
Дарынды балаларға арналған №10 лицей мектебі
Директоры Абилова Х.Ж.

Мектебіміздің қысқаша тарихы

1937 жылдың 23 маусымында  Павлодар аудандық атқару комитетінің  пленумында қазақ онжылдық мектебін ашу жөнінде қаулы  қабылданды. 
1937 жылдың 1-ші қыркүйегінде  жаңа ашылған онжылдық  қазақ мектебінде 16 мұғалім  жұмыс істеді. 
1940 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қалалық  жұмысшылар депутаттары кеңесінің №57 шешімі бойынша қазақ онжылдық   мектебіне қазақтың ұлы  жазушысы Абай Құнанбаевтың аты берілді. 
1946-1962 жылдары мектеп жанында  интернат – пансионат жұмыс істеді.
1962 жылы интернат-пансионат бөлініп шығып №3 облыстық мектеп интернат болды.
1994 жылы мектеп лицей атағын алу үшін тәжірибелік алаңға қойылды. 
1999 жылдың 25 мамырынан  Облыстық экспорттық кеңестің  шешімі  бойынша  мектепке лицей атағы беріліп, Абай атындағы №10 лицей мектебі деп аталыңды.
1948-1977 жылдары аралығында мектеп бітірушілер ішінде 25 күміс және алтын медаль иегерлері болған. 
2000-2007 оқу жылдарында 15 алтын медаль  иегерлері, 1996-2006 оқу жылдары аралағында 40 үздік аттестат иегерлерін мектеп қабырғасынан ұшырды. 
Грецияда өткен «Балалар .Интеллект.Мәдениет.» фестивалі  аясында өтетін  тестік рейтингілік  пәндер олимпиадасынан және
 ғылыми жобалар сайысынан 17 оқушы жүлдегер атанып, Республикалық  ғылыми жобалар сайысында  27 оқушы жеңімпаз  болып, ал облыстық  ғылыми жобалар сайысында 100-ге тарта оқушы бәйгенің алдын бермеді. 
Мектеп «Ақыл ойдың шарықтауы», «Дебат» секілді халықаралық бағдарламаларды  меңгерген. Мектептің 120 оқушысы қатысатын «Салтанат» би тобы облысымызға ғана емес республикамызда әйгілі. 
-  2000 жылы «Білім сапасы  жөніндегі облыстық  конкурстың жеңімпазы» 
-  2000 жылы Республикалық « Таңдаулы мектеп» байқауының лауреаты 
-  2001 жылғы Орта және кәсіптік білім беру мектептерінің арасындағы оқыту қызметінің  сапасы жөніндегі облыстық байқаудың жеңімпазы. 
-  2005 жылы қала мектептері арасындағы «Ең үздік оқу материалдық базасы» байқауында бірінші орын иегері.    
  1937-2007 жылдар аралығында мектепке 17 адам басшылық етті. Солардың ішінде көп жылдар қызмет атқарған  директорлар: Қабылдин Апшау Қабылдаұлы  (1955-1962 ж, 1981-1990ж.),Төлегенов  Мүбарак Жанбосынұлы  ( 1963-1981ж.), Қабдуалиева Гүлнар  Балтабайқызы (1991)
Жалмағамбетова Бұлғын Шакенқызы (1999-2005 ж).Абилова Хабиба Жекенқызы 2005 жылдан бастап Дарынды балаларға арналған №10 Абай атындағы лицей мектебінің директоры.Дарындыларды даңғыл жолға сала білген 70 жылдық тарихы бар мектептің бүгінгісі – айқын, болашағы жарқын.

Біздің мақтанышымыз:

<googlemap lat="52.284112" lon="76.966059" zoom="12"> 52.284112, 76.966059, Павлодар, Pavlodar, Kazakhstan 52.284112, 76.966059 </googlemap>

Наш адрес: г.Павлодар ул.Толстого 95

          тел/факс: +7(7182)328248
          e-mail: pvl_sch10@mail.ru

Участник:Камиль Айбек



Персональные инструменты
Инструменты